Фото: krasniykut.ru
Мамандардың болжамынша, алдағы тәуліктерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде республиканың солтүстігінде найзағай ойнап, жел күшейеді, қатты жаңбыр жауады.
«Күндіз ауа температурасы батыста +23+33, солтүстік-батыста +15+28, солтүстікте +18+28, орталықта +25+35, республиканың шығысында +25+37, оңтүстігінде +35+45, оңтүстік-шығыста +35+43 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.