Оқиға • 25 Шілде, 2024

Өскеменде жоғалып кеткен жас жігіттің мәйіті табылды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаралы хабарды LIDER.KZ еріктілері Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде жоғалып кеткен жас жігіттің мәйіті табылды

Фото:©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

2002 жылы туған Баянов Жандос 15 мамырда «АДК Ривер» сауда орталығының маңында жоғалып кеткен.

24 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен жігіттің қайтыс болғаны белгілі болды. Еріктілер оқиғаның мән-жайын нақтыламаған.