Оқиға • 25 Шілде, 2024

Астанада 55 жер телімі мемлекетке қайтарылды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 55 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Астанада 55 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Фото:time.kz

Қадағалау органы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізген.

«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі ақшалай өтемақы алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімдерін мемлекетке беру туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамай келген. Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған», делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда көрсетілген сот актілері жер телімдерін мемлекет меншігіне өткізу арқылы орындалады.