Фото: wild frentier.ru
Генетика және физиология институты тазы тұқымының генетикалық әртүрлілігі мен популяциялық құрылымын анықтау үшін институт ғалымдары зерттеу кезінде генетикалық маркерлердің екі түрін, микросателлиттер мен бір нуклеотидті нұсқаларды алғаш рет қолданған.
Зерттеу қорытындысында тазы - ежелден келе жатқан әрі филогенетикалық тарихта берік орын алған тұқым екені анықталды. Ал оның қырағы аң аулау қабілетіне 18, 22 және 25 хромосомалар жауап береді.
Осындағы 12 геннің ішіндегі «CAB39L» гені тазының жүгіру жылдамдығы мен төзімділігіне әсер ететіні әлі де зерттеу нысанына алынады.
Бұл ізденістің нәтижесінде тазы тұқымынан келер ұшан-теңіз пайданы тілшіміз Азамат Есенжолдың «Тазының генетикалық құрылымын зерттеді» мақаласынан оқи аласыздар.
Ал қазақ тазысының атасы, оны баптап-баулудың қыр-сыры Бекен Қайраттың «Қазақ тазысы» мақаласында кеңінен қамтылған.