Фото: Polisia.kz.
Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданында кезекті пәтер ұрлығын жасап, із суытпақ болған кезде ұсталған үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысы тұрғыны.
Тергеу барысында анықталғандай, олар үй иелері жоқ кезде пластик терезелерді ашып кіріп, ақша, құндыз тон, техника, алтын бұйымдарды ұрлаған.
Polisia.kz хабарлауынша шығынның жалпы сомасы – 14 млн теңге. Күдіктілер қамалып, облыс аумағында 24 пәтерге ұрлыққа түскені анықталды. Қазір олардың осыған ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Өзге мән-жайлар жариялануға жатпайды.