Медицина • 26 Шілде, 2024

Қайтыс болған жігіттің ағзасы 4 адамды құтқарды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Донорлық ағзаларды ұзақ уақыт күткен 4 пациентке трансплантаттау бойынша сәтті операциялар жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайтыс болған жігіттің ағзасы 4 адамды құтқарды

Фото: Tengrinews.kz

Жол көлік оқиғасы салдарынан жан тапсырған 18-дегі жігіттің  ағзаларын алуға туыстары келісім берген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше ДСМ-нің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы (ТЖТМҚҮРО) донорлық және трансплантаттау процесін жедел ұйымдастыруды жүзеге асырып, бауыр, жүрек, екі бүйрек алынған.

25 шілдеде мамандар ағзаларды трансплантаттау бойынша сәтті операциялар жүргізген.

Шымкент қаласының жүрек орталығында 1966 жылы туған пациент жаңа жүрекке ие болса, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 58 жастағы пациентке бауыр трансплантатталды. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 1984 жылы туған пациент жаңа бүйрек алып, University Medical Center клиникасында 16 жастағы бозбалаға екінші бүйрек трансплантатталды.