Бокс • 26 Шілде, 2024

«Оңай қарсылас жоқ»: Мырзағали Айтжанов жеребеге қатысты пікір білдірді

800 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше қазақ боксшыларының Париж олимпиадасындағы алғашқы қарсыластарын анықтаған ресми жеребе тарту рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

«Оңай қарсылас жоқ»: Мырзағали Айтжанов жеребеге қатысты пікір білдірді

Фото: olympic.kz

Жеребе қорытындысына сәйкес, бокс сүйер қауым қазақтың былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары қарымды екенін айтып жатыр. 

Осыған байланысты бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пікірін бөлісті.

«Бұл – Олимпиада ойындары. Әрбір қарсылас іріктеліп, үлкен дайындықпен келген. Оңай қарсылас жоқ. Сол себепті, әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар. Біз екінші, үшінші кездесу қиын болады деп қарастырмаймыз. Біз бірінші жекпе-жектен бастап тас түйін дайын шығамыз», деді бас бапкер. 

Боксшыларымыздың бірінші айналымдағы қарсыластарының аты-жөні, қай елдің өкілі екенін бұған дейін хабарлаған едік.  

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:15

Бұйырғаны – жеті жүлде

Күрес • Бүгін, 09:05

Өнер көгіндегі ақиық

Тұлға • Бүгін, 08:55

Қайталап оқу терапиясы

Руханият • Бүгін, 08:50