Оқиға • 26 Шілде, 2024

Екі елдің азаматтығын алған Байқоңыр тұрғыны айыппұл арқалады

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің көші-қон қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламаған Байқоңыр қаласының 18 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі елдің азаматтығын алған Байқоңыр тұрғыны айыппұл арқалады

Фото:polisia.kz

«Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы 2-бөлігімен 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Полицейлер Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салды.

Айта кетейік, басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда бұл туралы көші-қон қызметі бөлімшелеріне алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлау қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының полицейлері қос азаматтығы бар 30 адамды анықтап, оның сегізін Қазақстаннан шығарған еді.