Спорт • Бүгін, 16:00

Олимпиаданың ашылу салтанатында кімдер өнер көрсетеді

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін әлем асыға күткен Париж Олимпиадасының алауы тұтанады. Ұйымдастырушылар дүбірлі доданың ашылу салтанаты тарихи оқиғаларға толы болатынын айтып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиаданың ашылу салтанатында кімдер өнер көрсетеді

Фото: Olympic.kz

Биылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты Олимпия ойындарының тарихында тұңғыш рет ашық аспан астында өтеді. Әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған спортшылар Сена өзенінен кемемен жүзіп өтіп, шеруге қатысады.

Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өтетін Трокадеродаға аялдайды.

Іс-шараның көркемдік жетекшісі - театр режиссері Томас Жолли.

Ашылу салтанатына 3000 өнерпаз қатысатынын айта кету керек. Сонымен қатар әлемдік өнер жұлдыздарынан Селин Дион мен Леди Гаганың ән шырқайтыны белгілі болды.

Ел азаматтары Олимпиаданың ашылу салтанатын бүгін, сағат 22:30-да Qazaqstan, QAZSPORT, Jibek Joly және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.