Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы ақ Олимпиаданы Ита­лияның Милан және Кортина-д’Ампец­цо қалалары қабылдайды. Бұл шешім Парижде өтіп жат­қан Халық­­аралық Олимпиада ко­ми­тетінің 142-сессиясында қабыл­данды.

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ал 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпі тауларында өтеді. Жалпы, қысқы ойындар Францияда төртінші рет өткелі отыр. Төртжылдықтың басты додасы бұл мемлекетте бұған дейін 1924, 1968, 1992 жылдары ұйымдастырылған еді. Одан кейінгі қысқы Олимпиада 2034 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді. Бұл шаһар 2002 жылы да қысқы ойындар­дың астанасы болған.