ӨСКЕМЕН. 26 сәуір. Былтыр елімізде өткен жалпыхалықтық «Мерейлі отбасы» байқауының Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпазы және республикалық кезеңінің қатысушылары атанған Паницкийлер отбасы да президенттік сайлауда өз таңдауларын жасады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Андрей мен Динара Паницкийлер Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні отбасылық мереке іспетті болғанын айтады. Олар ертеңгілік балаларын киіндіріп алып, өздері тұратын Курчатов қаласының №294 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Мен төрт баланың анасымын. Шүкір, жанымда жақсы көретін жарым мен балаларым, тұрақты жұмысым мен еңбекақым бар. Күйеуімнің ұлты – орыс, өзім қазақпын. Алайда, біз үшін ұлттық ерекшеліктеріміз кедергі болған емес. Өйткені, біз – қазақстандықпыз! Біз отбасылық мерекелерімізде ұлтымыздың дәстүрі мен салтын құрметтеп, балаларымызға үйретіп отырамыз. Сондықтан, бүгінгі қол жеткізген табыстарымыз қоғамымыздағы достық, бейбітшілік пен келісімсіз жүзеге аспаған болар еді деп ойлаймын. Күйеуімді әулетіміздің басшысы ретінде сыйлаймын. Өзім шексіз жақсы көретін балаларымның келешегіне үлкен үміт артамын. Еліміздің қазіргі жан-жақты жүргізіп отырған саясаты біздің болашаққа деген берік сенімімізді қалыптастырды. Сол себепті отбасымызбен сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық», – дейді Динара.
Ал Андрей сайлау учаскесіне сайлаушылардың мол жиналғанын, олардың арасында көршілері, таныстары, достары мен бірге жұмыс істейтін әріптестері бар екенін жеткізді.
«Менің ойымша, Курчатов тұрғындары күллі қазақстандықтар сияқты сайлауға белсенді түрде қатысты. Еліміз үшін әр дауыс маңызды. Біз де еліміздің, балаларымыздың болашағын таңдау жолында дауыс бердік», – деді ол.
Думан Анаш,
Дерек, сурет: egemen.kz.

BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31