Әйел адам алаяқтық жасады деп күдіктеліп, тергеу сотының кезекті отырысында тергеуші оны ұстау туралы өтініш білдірді. Прокурор әйелдің төрт баласына қарамастан, өтінішті қолдады. Балалардың кішісі – төрт айлық. Сот залынан анасы мен баласы Қаскелеңдегі уақытша ұстау изоляторына жіберілді.
Осы іске қатысты Динара Закиева пікір білдірді.
«Осы іске қатысты прокуратураға жүгіндім. Сол сияқты әйел адамның адвокатына хабарластым. 29 шілде күні аппеляциялық сот өтеді.
- Ертең өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл анасымен бірге қамауда жатқан сәбидің жағдайын біледі», – деп жазды Динара Закиева.