Спорт • Бүгін, 12:28

Париж Олимпиадасы: біздің мергендер қолаға таласады

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының іріктеу сынында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Париж Олимпиадасы: біздің мергендер қолаға таласады

 Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле өнер көрсетуде. Олар іріктеуде үшінші орыннан көрінді.

Финалдық кезеңде қазақстандықтар қола медальға таласады. Біздің команданың қарсыласы – Германия құрамасы.
Алтын медаль үшін Қытай мен Оңтүстік Корея мергендері таласады.

Ал Константин Малиновский мен Арина Алтухова 27-орыннан көрінді.