Спорт • 28 Шілде, 2024

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Фото: olympic.kz

Қазақстан дзюдошысы жартылай финалда 24 жастағы Бразилия өкілі Виллиан Лимадан ұтылып қалды.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызбаев алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан мықты болып, финалға шықты.

Айта кетейік, Ан Баул Рио Олимпиадасында күміс, Токиода қола медальға қол жеткізген еді.

Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.