Оқиға • 29 Шілде, 2024

Абай облысының тұрғыны Ертіске батып кете жаздаған

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысындағы Ертіс өзенінде белгіленген сызықты ескермей, шомылуға тыйым салынған жерге өтіп кеткен ер адам құтқарылды, деп жазады Egemen.kz.

Абай облысының тұрғыны Ертіске батып кете жаздаған

Фото: ТЖМ

Ер адам белгіленген сызықты кесіп өткеннен кейін, оны ағыс алып кеткені анықталды.

Облыстық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Константин Ульянов пен Архат Тілеуберлинов суға батып жатқан адамды байқап, жағаға жеткізіп, оған жедел көмек көрсеткен.

Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыға кіру ақылы бола ма?

Аймақтар • Бүгін, 11:34