Тағайындау • 29 Шілде, 2024

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы тағайындалды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркен Жақатай «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы тағайындалды

Фото: ТОО «СК-Фармация»

Еркен Жақатай  1994 жылы «Автоматика және басқару жүйесі» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2001 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Мемлекеттік (ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), квазимемлекеттік («Қазына» Тұрақты даму қорының «Даму «Қоры» АҚ, ҚР «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде) және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық жұмыс өтілі бар.

2021 жылдан бастап жеке секторда жұмыс істеген еді.