«Таза Қазақстан» • Кеше

Астанада Орталық саябақ аумағы қоқыстан тазартылды

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Орталық саябақ аумағы қоқыстан тазартылды

Фото: gov.kz

Funny sport жобасы шеңберінде «Су әлемі» атты іс-шара ұйымдастырды. Жиын соңында жастар мен жасөспірімдер «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экоакцияны қолдап, Орталық саябақ аумағын қоқыстан тазартты.

Іс-шараға жалпы 600-ден астам қатысушы жиналып, 150-200-дей су шашатын ойыншық тегін үлестірілді.

gov.kz

«Адамдардың барлығы спортпен айналысудың қажеттілігін сезінеді. Алайда ерік-жігер, тәртіп жетісе бермейді. Бүгінгі шарада спорттың қолжетімді, оңай, қызықты екенін көрсеткіміз келді. Су шашу ойыны арқылы әр қатысушы қозғалыста болып, уақыттың қалай өткенін сезбей де қалады. Оның үстіне шарамызға ролик тебуден жастар арасында әлеуметтік желіде өте танымал Диас Абдрахмановты да арнайы шақырдық. Оның келуі де тұрғындарға қосымша мотивация болды», деді шара ұйымдастырушысы Жәмила Федосова.

Елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен  «Funny sport» спорттық және ойын-сауық іс-шараларының марафоны 20 шілде – 25 тамыз күндері аралығында басталған екен, әлбетте, басты мақсат – тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Аталған жоба тамыз айының соңына дейін әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өтеді.