ӨСКЕМЕН. 26 сәуір. Еліміз үшін саяси маңызы зор науқанның өту барысын бақылаған шетелдік тәуелсіз бақылаушылар сайлау барысында ешқандай заңбұзушылықтардың орын алмағандығын мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сергей Пчеляков – Ресейдің Алтай өлкесінен Шығыс өңіріндегі сайлау барысын бақылауға келген делегация құрамындағы 27 адамның бірі. Ол әріптестерімен бірге Өскемен қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде түске дейін қызмет атқарса, күннің екінші бөлігінде облыстың Глубокое ауданына арнайы шықты. Рубцовск қаласы басшысының орынбасары ретінде Қазақстандағы сайлауда бірқатар ерекшеліктерді байқағанын жеткізді.
«Мен мұндай жауапты науқанға бақылаушы ретінде бірінші рет қатысып отырмын. Ал әріптестерімнің арасында 3-4 мәрте қатысқандар бар. Біз Өскемен қаласына 24 сәуірде келдік. Содан бері бірнеше топтарға бөлініп, жұмыс істеудеміз. Бір тобымыз 25 сәуірде Зырян ауданына аттанып кетті. Бүгін сол жақта жұмыс істеді. Сайлау учаскелері ашыла салысымен Өскемен қаласындағы бес сайлау учаскесінде болдық. Қазір №82 және №83 сайлау учаскелерінде жұмыс істеудеміз. Байқағанымыз, жергілікті тұрғындар өте сауатты екен. Сайлау туралы жақсы хабардар етілген, тиісті шаралар жоғары деңгейде ойдағыдай ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Учаскелер ашылмай тұрып келген сайлаушыларды байқадық. Түскі сағат 11 жарымға дейін әр учаскелерге сайлаушылардың 50 пайыздан астамы келіп, дауыс беріп үлгерді. Бақылаушылар тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ», – дейді тәуелсіз бақылаушы.
Сергей Викторовичтің айтуынша, сайлау барысында жастардың белсенділігі ерекше назар аудартқан. Мәселен, жоғары оқу орнында орналасқан №74 сайлау учаскесінде күннің алғашқы жартысында студент жастардың басым бөлігі өз таңдауларын жасап үлгерді.
Тәуелсіз бақылаушылар тобы болған №82 және №83 сайлау учаскелері Өскемендегі Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің ғимаратында орналасқан. Мұнда негізінен Алматы, Михаэлис көшелерінің тұрғындары келіп дауыс берді. Алдыңғысында түскі он бір жарымға дейін барлық 848 сайлаушының 466-сы келіп таңдау жасаса (55 пайызы), соңғысында 1 029 сайлаушының 537-сі келіп үлгерген.
«Дауыс беру таңертеңгі 7-де басталды. Алғаш болып 18 жастағы осы мектептің 11-сынып оқушысы, «Алтын белгіден» үміткер Сағыныш Баянбекова тұңғыш рет өз таңдауын жасады. Одан соң 74 жастағы қала тұрғыны Батих Әбсадықов келді. Олар белсенділіктері үшін естелік сыйлықтармен марапатталды, – дейді №82 сайлау учаскесінің төрайымы Қанипа Мұқышева.
Бұл жердегі дауыс беру барысын бақылаған «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының қоғамдық бақылаушысы Күлсара Дәкебаева да сайлау барысы ойдағыдай жүргенін, заңбұзушылықтар орын алмағанын мәлімдеді.
«Осы ауданда 15 жылдан бері тұрамын. Бірнеше сайлауларға қатыстым. Бәрі ойдағыдай өтті. Жәрмеңке, концерттік бағдарламалар жақсы ұйымдастырылған екен. Үйімізге үш мәрте келіп сайлау туралы айтып кетті. Тізімнен аты-жөнімізді еш қиындықсыз таптық, отбасымызбен дауыс бердік», – дейді қала тұрғыны Надежда Пауытова.
Думан Анаш,
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Людмила Малько.

BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31