Спорт • Бүгін, 00:45

Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

63,5 келі салмақта бақ сынап жатқан Қазақстан боксшысы Азия ойындарының финалисі тайпейлік Лай Чу Енді тартысты өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz

Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Мұхамедсабыр Базарбайұлы тайпейлік қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Енді Мұхамедсабыр 1 тамыз күні  грузин боксшысы Лаша Гурулимен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Еске салайық, Мұхамедсабыр Базарбайұлы бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген еді.