Фото: total.kz
Үкімет мәліметінше, биыл республика аумағында 161 орман өрті тіркелгенін атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 4 есеге азайған.
«Өрт саны айтарлықтай төмендеді. Соған қарамастан тілсіз жаудың табиғи ошақтары күн сайын тіркеліп жатыр. Мәселен, Іле-Балқаш резерватының аумағындағы 2,5 мың гектар өртенген қамысты сөндіру жұмыстары 10 күнге созылды. Жамбыл облысының Сарықопа және Луговое орман шаруашылықтарында 1,8 гектар аумақты өрт шалды. Уақтылы жүргізілген шаралардың арқасында бұл өрттер орман қорына жайылған жоқ және адамдар аман-есен», деді Премьер-министр.
Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігіне экология министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп осы бағыттағы профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.