Қоғам • 30 Шілде, 2024

Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың дерек ұсынды

4121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бармысың, бауырым» хабарының авторы әрі танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында 2004 жылы бельгиялық әйел асырап алған Жәнібектің туған анасын іздеу бір сәтке тоқтамағанын еске салды, деп жазады Egemen.kz.

Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың дерек ұсынды

Фото: democrat.kz

30 сәуір - Әлемдік адам саудасына қарсы күрес күні. Қымбат Досжан осы дата аясында 20 жыл алдын Жәнібекті нәзік жандылар шетел асырғаны жазылған жазба жариялады. 

«2004 жыл, тамыз айы. Осыдан тура 20 жыл бұрын қазақ баласы @muratsaveliev туған жерінен жыраққа кетті. Егер «сол кезде білгенімде, Арқалықтан пойызбен Астанаға, сосын Алматыға, артынша Бельгияға әкетілген Жәнібекті жібермеуге бар күшті салар ма едім» деп ойлаймын, өйткені баланың құжаттарын заңды (сол уақыттағы заңды) өрескел бұза отырып жасаған. 20 жыл бұрын қазақтың әйелдері (Арқалық перзентханасы, сәбилер үйі, қорғаншылық бөлімі (опека) қалалық соттың аудармашысы - осы қылмысты жасағандардың бәрі әйел - «аналар») Жәнібекті 12 000 АҚШ долларына сатып жіберді. Қазір Қазақстан адам саудасына қатысты заңнаманы күшейтті, демек, кәмелетке толмағандарды сатқан адамдардың жазасын алатын күн жақындады деген сөз.

Бүгін, 30 шілде Әлемдік Адам саудасына қарсы күрес күні. Ал бала саудасы киберкеңістікте әлі де қызып тұр», деп жазды журналист.

Бұған дейін Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің есімі жарияланған еді. Қымбат Досжан осы іспен айналысатын тергеуші Көкшетауға жол тартқанын да хабарлады.