Фото: ultsport.kz
Жаппай көкпар – халыққа ортақ құнды мұра. Көкпар – күш пен жігердің, жігіт пен тұлпардың етене бітісіп, асау мінезді тізгіндейтін алаң. Көкпар жаһандану дәуірінде өз өміршеңдігін танытып, ұлттық брендке айналып отыр.
Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Бақытжан Тұрлыбеков құттықтау сөзінде: «Бүгінгі қадам көкпарға жаңа леп берері сөзсіз. Одан ұлттық спорт ұтпаса, ұтылмайды. Енді көкпар республика бойынша жаңа қарқынмен жүйелі түрде дами береді», деп атап өтті.