КӨКШЕТАУ. 26 сәуір. Ақмола облысында сайлауға кешке қарай халықтың 87 пайызы дауыс берді. Сайлауда таңертең ертемен дауыс берудің басы-қасында жүрген азаматтардың арасында Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Боранбай Бегалин де болды. Ол «Нұр Отан» партиясынан байқаушы ретінде қатысты. Бүгін осы азаматпен әңгімелескенімізде ол бізге сайлаудың өту барысы туралы айтып берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Мен Көкшетау қаласындағы №6 сайлау учаскесіндегі сайлау барысына «Нұр Отан» партиясынан байқаушы болып қатыстым. Сағат тура 7.00-де комиссия төрағасы, №1 орта мектептің директоры Ирина Головченко жылы шыраймен қарсы алып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау барысын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның» мүшесі Виктор Гей және Президенттікке үміткер Ә.Құсайынов штабының мүшесі Серік Есмағамбетов үшеумізді арнайы орынға орналастырды», - деді ол.
Содан кейін ол сайлаудың өту тәртібі туралы ойымен бөлісті. Онда байқаушы таңертең ертемен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, жұртшылықтың көзінше бюллетендер сақталған сейфтің ашылуына, мөлдір дауыс беру жәшігінің мөрленуі рәсіміне қатысып, осындағы бес дауыс беру кабинасын байқап шыққанны айтты.
«Комиссия мүшелері тұрғындарды тізім бойынша төлқұжаттарымен тексеріп, бюллетень алғандығы жөнінде арнайы журналға қолдарын қойдырып отырды. Келушілер тарапынан қандай да бір түсініспеушілік, артық сұрақтар қою байқалған жоқ. Дауыс беру ұйымшылдық жағдайында өткізіле бастады», - деді Боранбай Бегалин.
Сонымен бірге ол учаскелік комиссия тарапынан конституциялық заңнаманың қатаң сақталғанын, мұның өзі дауыс берудің өз дәрежесінде өтуіне ықпал еткенін жеткізді. Оның айтуынша, сайлауда белсенділік те жоғары болды. Сағат 16.00-дегі мәлімет бойынша дауыс берушілердің 87 пайызы өздерінің азаматтық парызын өтеп үлгерді. Сондай-ақ, сайлау учаскесінде буфеттің жұмыс істеуі, мектеп пен қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасының қойылуы мерекелік көңіл-күйді өсіре түсті.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz

BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31