Қоғам • 30 Шілде, 2024

Үкімет басшысы тас жолдардағы ұялы байланыс сапасын сынға алды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін өткен Үкімет отырысында ел жолдарын ұялы байланыспен қамтуды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы тас жолдардағы ұялы байланыс сапасын сынға алды

Фото: : shutterstock

Үкімет басшысының айтуынша,  қала жолдарындағы басты мәселелердің бірі - ұялы байланыс сапасының нашарлығы. Мысал ретінде  Қарағанды-Алматы автожолында үш облыстың аумағы бойынша жалпы 500 км учаскеде мобильді байланыстың жоқтығын атап өтті.

«Жолдарда қауіпсіздікті бақылау үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетіспейді. Кей жерлерде олар мүлдем жұмыс істемейді. Жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері азаматтарымыздан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түсті. Өңір әкімдіктері елді мекендердегі құқық бұзушылықты тіркейтін камералар санын көбейтуі қажет. Республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді түрде пайдалану керек», деп тапсырды Премьер-министр.

Сондай-ақ Олжас Бектенов жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалайтын бейнекамералар мен басқа да құралдардың санын көбейту қажеттігін айтты.