Өнер • 31 Шілде, 2024

Мың бояулы Маңғыстау

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында «Мың бояулы Маң­ғыстау» атты сурет көрмесі ашылды. Оралдық көрермен маң­ғыстаулық қылқалам шеберлерінің туындыларын тамыз айының соңына дейін тамашалай алады.

Мың бояулы Маңғыстау

Бұл көрме «Атамекен» өнер орда­сының мәдени құндылықтарды сақтау, тәжірибе алмасу және серіктестік жобалары аясында ұйымдастырылған екен. Ерекше көрменің ашылуына Мәдениет саласының үздігі, Суретшілер одағы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Құлбай арнайы келді. Мейманды Батыс Қазақстан облысы мә­дениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Мұсаұлы қарсы алып, өңірлер арасындағы шығармашылық байланысты нығайтқаны үшін алғыс­хат пен естелік сыйлық тарту етті.

Көрмеге маңғыстаулық 31 су­рет­шінің 70-тен астам туындысы қойылған. Бақытжан Құлбайдың айтуынша, Маңғыстау суретшілері қанық бояу тілін шебер меңгерген. Жұмыстар түрлі жанрда жазылған. Олардың ор­тақ тақырыбы – адам тағдыры, со­ның ішінде қазақтың өмірі. Бұл көр­ме – үйлесімді әлемнің, бізді қор­шаған ортаның, өмірдің шексіз сән-салта­натының көрінісі, дейді мейман.

«Атамекен» өнер ордасының директоры Бауыржан Халиолла мұн­дай суретшілер көрмесі бола­шақта да жү­йелі, дәстүрлі түрде ұйым­дасты­рыла­тынын айтады.

 

Батыс Қазақстан облысы