Қоғам • 31 Шілде, 2024

Елімізде дәрі-дәрмектің бағасын онлайн бақылауға болатын қосымша пайда болды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел азаматтары енді мобильді қосымша арқылы дәрі-дәрмектің шекті бағасын онлайн бақылай алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде дәрі-дәрмектің бағасын онлайн бақылауға болатын қосымша пайда болды

Фото: ernur.kz

«Денсаулық сақтау министрлігі Азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобильдік қосымшасын пайдалануды ұсынады. Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Dari.kz қалай жұмыс істейді?

Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін келесілер жеткілікті:
1.⁠ Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеңіз.
2.⁠Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберіңіз.

Сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.

Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:

•⁠ ⁠Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
•⁠ ⁠Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
•⁠ ⁠Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
•⁠ ⁠Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
•⁠ ⁠Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.

Айта кетейік, Dari.kz қосымшаны App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады.