Олимпиада • 01 Тамыз, 2024

Тағы бір боксшымыз үшін Олимпиада аяқталды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 шілде кешкі сессияда шаршы алаңға шыққан боксшы Валентина Хальзова Париж Олимпиадасының бірінші айналымында жеңілді, деп жазады Egemen.kz.

Тағы бір боксшымыз үшін Олимпиада аяқталды

Фото: Владислав Семенов

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында 75 келіде жұдырықтасатын отандасымыз панамалық Атейна Билоннан айласын асыра алмады.  

Бірінші раундта 3:2 есебімен алда тұрған Валентина Хальзова кейінші кезеңдерде 4 : 1 есебімен есе жіберді. 

Айта кетейік, В.Хальзова әлем чемпионатының жеңімпазы, екі дүркін қола жүлдегер атанған. Ал панамалық тәжірибелі боксшы - 2014 жылғы әлем чемпионы, күміс жүлдегер, Панамерика ойындарының күміс жүлдегері.

Соңғы жаңалықтар