Жәдігер • 01 Тамыз, 2024

Ғали Ормановтың кітабы

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Керекуден көрнекті ақын, аудармашы Ғали Орманұлының 1948 жылы А.Байтұрсынұлы қарпінде жарық көрген «Өмір дастаны» атты кітабы табылды. Жәдігерді жергілікті музейге қаламгердің жиені тарту етті.

Ғали Ормановтың кітабы

Көрнекті қаламгерден мұра болып қалған бұл жәдігердің ерек­ше­­лігі, кітаптың түп­нұс­­­қасы еліміздің өзге кітапханалары мен му­зейлерінде сақ­тал­­ма­ған. Кітап А.Байтұр­сын­ұлы қарпінде 1948 жылы жарық көрген. Басы­лып шыққан орны – Қазақтың мемлекеттік баспаханасы, «Қазақ елі» журналының баспасы деп көрсетілген. Жинақта ақынның өлеңдері топ­тастырылған. Атап айт­қанда, «Ана сабағы» дас­таны, «Алғашқы адым», «Жолда», «Қуаныш», «Біздің ауыл», «Темір ат», «Шеңбер», «Ана толғауы», «Қыр­манда», «Ұстаз», «Біздің заман» және тағы басқа өлеңдері басылған. Кітап шамамен 200 беттен тұрады, парақтары жақсы сақталған.

Жәдігерді ақынның жиен-неме­ресі Айдар Қырықбайұлы музейге аманаттады.

Музей басшысы Ербол Қайыров бұған қоса 1939-1945 жылдар аралығында Жамбыл Жабаевқа әдеби хатшылық қыз­мет атқарған Ғали Ормановтың күнделігі де қоса беріліп отырғанын хабарлады. Мекеме ұжымы оны жыр алыбының 180 жылдығында көрсе­теміз деп отыр.

Ғали Орманов (1907-1978) — бүкіл саналы ғұмырында ұлттық әдебиетіміздің өсіп-өркендеуіне, қазақ поэзиясының дамуына ерекше үлес қосқан ақын. Орыстың, Шығыстың классикалық үлгілерін аударып, қазақ әдебиеті саласына өлшеусіз үлес қосқан аудармашы. Оның қаламынан қазақ әдебиетінің алтын қазынасына өлеңдер жинақтары, поэмалары, жыр кітаптары, прозалық шығармалары жарық көрген.

 

Павлодар облысы