Оқиға • 01 Тамыз, 2024

Оралда із-түссіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 маусымда жоғалып кеткен Орал қаласының тұрғыны 21 жасар Жеткерген Жамбыловтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда із-түссіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Фото:instagram.com/uralsk.lider.kz

«Мой город» басылымының мәліметінше, жас жігіт «Строитель» шағын ауданындағы үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен. Жігіттің туыстары полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын бастаған, бірақ Жеткергенді таба алмаған.

«Кісі өлтірді деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті табылған еді. Кісі өлтірді деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталған.