Бизнес • 02 Тамыз, 2024

Су кәсібінің мәртебесі жоғарылады

80 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жақында Премьер-министр Олжас Бектенов Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін құру туралы қаулыға қол қойды. Естеріңізде болса биылғы сәуір айында Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіруге тапсырма берген еді. Оқу орны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды.

Су кәсібінің мәртебесі жоғарылады

Енді арнайы оқу орны су ша­руа­шылығы мен ирригация жү­­йе­сі үшін жоғары білікті кадрлар­­­ды тұрақты түрде даярлайды. Бұл – ­қуан­тарлық жағдай. Бір жағынан, ға­лым­дар­ға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы уақытта гидротехника­лық құры­лыстарды жобалау және пай­далану бойынша салалық мамандар­дың тапшылығы жойылатыны сөзсіз. ­Бұл Мемлекет басшысының су мамандары­ның мәртебесінің жоғарылату бойын­ша жасаған батыл, әрі тиімді қадамы­ның арқасы. Президенттің Су ресурс­тары мен ирригация министрлігін құруы, еліміздегі су саласындағы қордалан­ған мәселелерді шешуге, саланы дамытуға үлкен серпіліс берді.

Қазіргі кезде елімізде жаңадан 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналды реконструкциялау жұмыстары басталды. Әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту, су үнемдеу технологияларын қамту арқылы су үнемдеу жұмыстары қолға алынды.

Министрліктің мәліметтеріне сүйен­сек, еліміздің су ресурстарын қорғайтын бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе көбейіп, жалпы штат саны ­242 адамға жетіп, республиканың әрбір ­облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдері ашылып отыр.

Бүгінгі таңда еліміздің су саласында 10 мыңға жуық адам еңбек етеді екен. Сала мамандарының еңбекақылары орта есеппен 25%-ға көтерілді. Суды заңсыз пайдалану және су тұтынуды есепке алу деректерін бұрмалау фактілерін жою, сондай-ақ су қоры аймақтары мен нысандарында заңсыз шаруашылық қыз­мет мәселелерін реттеу үшін министр­лікте жаңа Су ресурстарын реттеу, қор­ғау және пайдалану жөніндегі коми­тет
құрылды.

Міне, жоғарыда айтылған ауқымды жұмыстарды атқаруға білікті, білім­ді кадр­лар қажет. Бұл кадрлар ұлттық мәр­­­тебе берілген жаңа университетте дайын­далмақ. Университетте «Су шаруа­шылығын басқару және автоматтандыру», «Мелиорация және гидротехнология», «Экология және аквамәдениет» жоғары мектептері болашақ мамандар­ды дайындайды. Жаңа университетте бұ­рынғы су саласына қатысты білім беру бағдарламаларымен қоса жаңадан ашылған «мелиоративтік жұмыстарды механикаландыру», «гидроэнергетика», «су шаруашылығының экономикасы», «су дипломатиясы» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады. Сонымен қатар жастар «Болашақ» бағ­дарламасымен «Гидрогеология», «Су ре­сурстары» және «Су қауіпсіздігі» маман­дықтар бойынша шетелде білім алады.

Сондай-ақ университетте жо­ғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы су бағыты бойын­ша «Ташкент ирригация инженерлері ­және ауыл шаруашылығын механикалан­дыру» Ұлттық зерттеу университетімен қос диплом беру бойынша білім беру жүзеге асады.

Университет «Мелиорация және суғармалы егіншілік», «Гидротехника­лық құрылыс және құрылымдар» бағыт­та­рында докторанттар даярлайды. Ғылыми дәрежесі бар жас ғалымдарды дайындау мақсатында 8D074 – «Су ша­руа­шылығы», 8D086 – «Су ресурстары және суды пайдалану» бағыттары бойынша диссертациялық кеңестер жұмыс істейді.

2008 жылы мемлекеттің ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандарға әлеуметтiк қол­дау көрсету мақсатында қабылдан­ған «Дипломмен ауылға» жобасына су ­сала­сының мамандары енгізілді.

Яғни ауылдық елді мекенге барған су маманына жұмысқа орналасқан жағ­дайда 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы, ал тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие алады. 2024-2025 оқу жылына университетке 245 (210 орын бакалавриатқа, 20 орын магистратураға, 15 орын докторантураға) мақсатты білім гранты бөлінді.

 Алдағы уақытта да білікті кадрлар дайындауда ұлттық университетте Үкі­меттің қолдауымен ауқымды істер атқа­рылатынына сенімдіміз.

Білікті маман – су шаруашылығы саласының басты байлығы. Сондықтан да су үнемдеу технологияларын енгізуге, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін судың аз мөлшерін пайдалануға мүм­кін­дік беретін қолда бар су ресурстарын ұтымды пайдалануға, гидротехника­лық құрылыстарды салу және тозу мәселе­сін шешуге, өзен-көлдердің экожүйесін сақтауға қабілетті мамандарды дайын­дауда ұлттық университеттің беделі жоғары болмақ.

 

Кенжеғали ШИЛІБЕК,

техника ғылымдарының

кандидаты