фото: azh.kz
Пойыз жолаушыларының бірі аталған қайғылы жағдай туралы желіде баяндап берді. Айтуынша, пойыздың іші ыстық болған, ер адам әйелін ертіп, тамбурға шығып кеткен. Сол жерде немересінің көзінше қайтыс болды.
«Ата әйелімен бірге тамбурға шығып, ауа жетпей құлап, қайтыс болды. Мұның бәрі 13 жасар немересінің көзінше болған. Кондукторларда алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы болмаған. Сарыөзек стансасына жеткен жедел жәрдем мәйітті көрпеге орап алып кетті. Зембіл болған жоқ», деп бөлісті жолаушы.
Көліктегі полиция департаменті ер адамның өліміне қатысты тергеу амалдарын бастады.
«Қонаев стансасындағы желілік полиция бөлімі «Өскемен-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», деп жауап берді департаменттің баспасөз қызметі.