Заң • 02 Тамыз, 2024

Апелляция алқасы «Love Aikа» ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық сотында М. мен Т.-ға қатысты қылмыстық іс қайта қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Апелляция алқасы «Love Aikа» ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды

Фото: Алматы соттары

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз алу, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ 52 эпизод бойынша жеңгейтайлықпен айналысу бойынша кінәлі деп танып, 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Ал Т. 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп танылып, оны 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Сотталушылар үкімге апелляциялық шағым берген.

Апелляция, қылмыстық істі зерттей отырып, сотталғандарға қатысты айыптаулар толық дәлелденгенін растады.

2023 жылдың мамыр айында М., аса ірі мөлшерде «мефедрон» психотроптық затын заңсыз сатып алып, тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық затты тәркілеген.

2020-2023 жылдар аралығында М., Т.-мен бірге женгетайлық ұйымдастырып, қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін пайдаланған. М. осы қызметтерден жеке өзіне немесе өз көмекшісі Т. арқылы пайыз алып отырған.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

Апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.