Спорт • 02 Тамыз, 2024

Париж-2024: дзюдошы Камила Берліқаш алғашқы айналымнан сүрінді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 2 тамызда Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошысы Камила Берліқаш алғашқы белдесуінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж-2024: дзюдошы Камила Берліқаш алғашқы айналымнан сүрінді

Фото:Сали Сабиров/НОК

1/16 финалда 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен қазақ қызы Камила Берліқаш Моңғолия өкілі Адиясурен Амарсайханнан ұтылды. Сондай-ақ спортшымыз кездесу барысыда үш рет ескерту алған.

1

Айта кетейік, жекелей сындағы қазақ дзюдошыларының кездесуі аяқталды. Енді ел құрамасы аралас командалық сында өнер көрсетеді.