Аймақтар • 04 Тамыз, 2024

Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы суға батып, көз жұмды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында Ырғыз өзенінде ер адам екі баласымен және туысымен суға батып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы суға батып, көз жұмды

Жергілікті басылымда жазылғандай, қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған.

- Ырғыз өзенінде суға түсіп жүрген бір отбасының 4 адамы батып кетті. Олар 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам. Ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан, - делінген материалда.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.

Құтқарушылар, полицейлер және жергілікті тұрғындар мәйіттерді іздеп, оларды судан шығарды.