Оқиға • 05 Тамыз, 2024

Астана және Алматы қалаларынан 2 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана және Алматы қалаларында арнайы операция жүргізіп, 2 миллиард теңгенің есірткісін тәркіледі,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана және Алматы қалаларынан 2 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

Фото: ҰҚК

Анықталғандай, Астана және Алматы қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратурамен бірлесе отырып 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойған.

1

«Қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды», делінген хабарламада.

2

Тәркіленген есірткінің құны «Қара» нарықта 2 млрд теңгеден асады. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.