Фото: Olympic.kz
Ел тағатсыздана күтіп отырған Назым Қызайбайдың бұл жекпе-жегі 6 тамыздан 7 -сіне қараған түні сағат 01: 00-де өтеді деп жоспарланған.
Боксшымыздың жартылай финалдағы қарсыласы - қытайлық Ву Юмен.
Айта кетейік, Назым Қызайбай ширек финалда колумбиялық Ингрит Лорена Валенсия Викторияны сенімді ұтты.
Ал бүгін Париж Олимпиадасының бокс бағдарламасында демалыс күні.