Фото: olympic.kz
Кездесу Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындары аясында өтті. Жиынға Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева, ХОК комиссиясының мүшесі, Зимбабве ҰОК президенті Табани Гонье және ХОК өкілдері Айя Медани мен Шамиль Тарпищев қатысты.
Кездесуде Olympism365 Комиссиясының қызметі талқаланды. Аувита Рапилла Комиссияның ең басты міндеті ретінде спорттың тұрақты дамуын атап өтті.
Сонымен қатар Аувита Рапилла Геннадий Головкинді Olympism 365 Комиссиясының мүшесі ретінде тағайындалуымен құттықтап, оған Қазақстан ҰОК президенті қызметінде сәттілік тіледі.
Геннадий Головкин өз кезегінде ХОК президенті Томас Бах пен Olympism 365 Комиссиясының төрайымы Аувита Рапиллаға сенім артып, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, аталған Комиссия құрамындағы Геннадий Головкиннің алғашқы ресми отырысы осы жылдың қарашасында Швейцарияның Лозанна қаласында өтеді.