Олимпиада • Бүгін, 09:50

Париж - 2024: Бүгін отандастарымыз 5 спорт түрінен жүлдеге таласады

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 тамыз күні Париж Олимпиадасында әзірге белгілісі екі спортшымыз финалдық бәсекеде алтын үшін жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.

Париж - 2024: Бүгін отандастарымыз 5 спорт түрінен жүлдеге таласады

Фото: titan24.com

Олар грек-рим күресінен 77 келіде боз кілемде барын салатын Демеу Жадыраев пен шаршы алаңда тер төгетін Нұрбек Оралбай. 

Жалпы ел атлеттері сапынан бүгінгі бәсекені байдарка мен каноэде есушілер бастайды: Бекарыс Раматулла - 13: 40

Сергей Емельянов - 14: 40

Грек-Рим күресі: Нұрсұлтан Тұрсынов - 14: 00

Финал: Демеу Жадыраев - Н. Кусака (Жапония) - 21: 45

Таэквондо - Самирхон Абабакиров - 15: 37. Бұл сында финалдық кездесулер 00: 37-де басталады. 

Велотрек: Андрей Чугай - 15: 45

Бокс (Финал): Нұрбек Оралбай - О. Хижняк (Украина) - 01: 51

Жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген.