Оқиға • 07 Тамыз, 2024

Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының мәйіті Дағыстаннан табылды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дағыстанда сапбордтан Избербаштағы Каспий теңізіне құлаған 47 жастағы Қазақстан азаматының мәйіті табылды. Оны құтқарушылар төрт күн іздеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының мәйіті Дағыстаннан табылды

Фото: РФ ТЖМ

Қайғылы оқиға 3 тамызда Избербаш қаласында болды. Теңізде сапбордтар мен түтіктер соқтығысқан.

«Алты сапбордшы зардап шекті, төртеуін құтқарушылар судан шығарды, біреуі жағаға шықты. Өкінішке қарай, алтыншы сапбордшы суға батып кетті. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды», делінген РФ ТЖМ хабарламасында.

47 жастағы Ислам отбасымен бірге Дағыстанға демалуға келген. Ол Ингушетиядан шыққан, бірақ көптеген жылдар бойы Қазақстанда тұрады. Исламда құтқару кеудешесі болмаған.

Су көлігінің жүргізушісі ұсталды. Өмірге қауіпті қызмет көрсету туралы қылмыстық іс қозғалды.