Спорт • Бүгін, 00:40

Елдос Сметов әкім мінгізген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады

11 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдос Сметов аудан әкімі мінгізген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті Тараз24 арнасына сілтеме жасап.

Елдос Сметов әкім мінгізген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туған жері Т.Рысқұлов ауданына барды. Халық чемпионын бар сән-салтанатымен күтіп алды. Жылы лебіздерін білдіріп, ел үшін тарихи жеңісімен құттықтады.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов чемпионға су жаңа көліктің кілтін табыстады. Ал Елдос Сметов спорттағы алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға алғысын білдіріп, Т.Рысқұлов ауданы әкімі сыйға тартқан су жаңа көлігін мінгізді.

Айта кетейік, зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырады.