12 Маусым, 2015

Биыл ҰБТ қортындысы бойынша орташа балл 2,6 пайызға көтерілді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12.06.2015-UBT TESTАСТАНА. 12 маусым. Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі айқындалған жағымды жаңалықтардың бірі қазақ және орыс тіліндегі білім сапалары теңесіп қалды. Сондай-ақ, аталған сынақ нәтижесі бойынша еліміздегі ҰБТ – ның орташа балы 2,6 пайызға көтерілген. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен ғылым саласын қадағалау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов биылғы ҰБТ-ның қортындысын мәлім етті. Комитет төрағасының айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы «Алтын белгіге» 4 мың  397 үміткердің 52 пайызы өздерінің деңгейін растады.  Бұл көрсеткіш былтырғы жылы 42,2 пайыз болатын. 2 мың 205 бала «Алтын белгісін» растаған. «Биыл ҰБТ бойынша орташа балл 2,6 пайызға көтеріліп, 79,5 балды құрады, бұл көрсеткіш былтыр  76,9 пайызды құраған болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі тағы бір жағымды жаңалық қазақ және орыс тіліндегі бітірушілердің білім сапаларының айырмашылығы жақындай түсті. Бұл бір ғана пайызды құрайды және теңесті деуге де болады. Былтырғы жылы бұл айырмашылықтың арасы жеті пайыз еді, сондықтан да қазақ тіліндегі мектеп саны ғана емес, сапасы да артып келе жатыр. Бұл - біз үшін аса қуанышты жағдай», - деді Саят Нүсіпов. Талғат Райымбек. Дерек, сурет. «ҚазАқпарат».