Спорт • 08 Тамыз, 2024

Әлемдік додаға дайындық

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикар­до Кака биыл күз­де өтетін әлем чемпиона­тына қатысатын ойын­шылардың кеңейтілген құрамын жария етті.

Әлемдік додаға дайындық

Бас бапкердің таңдауы мына футзалшыларға түсті: Қақпашылар – Игита, Нарун Серіков, Қанат Жеткірбаев, Ерасыл Ша­ра­пиденов. Қапталдағы ойын­шылар – Дуглас, Альберт Ак­баликов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Лео, Азат Валиуллин, Шыңғыс Есенаманов, Абдурасул Абдуманапұлы, Арнольд ­Кнауб, Қайрат Иманалин, Төре­хан Досов, Жаһангір Рәшит, Нұрқанат Бақтияров, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Семен Тарасенко және Дамир Қайырбай.

Футзалшыларымыз оқу-жаттығу жиынының алғашқы кезеңін 5–18 тамыз аралығында Алматыда өткізеді. Екінші жиын 5 қыркүйекте Астанада басталады. Содан кейін жерлестеріміз Алатау баурайында қайта бас қосады да, одан әрі Өзбекстанға аттанады. Сол аралықта бірне­ше жолдастық кездесу өткізу жос­парланып отыр. Ал әлем чем­­пионаты 14 қыркүйек пен 6 қа­зан аралығында Ташкент пен Самарқан қалаларында өтеді. Топтық турнирде Қазақстан құ­рамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен күш сынасады.