1962 жылы пойыз рельстен шығып, мұзды өзенге құлаған кезде 17 адам қайтыс болды. Бірақ Фране жағаға жүзіп үлгеріп, аман қалады. Бірер жылдан кейін ол мінген ұшақ есігі ашылып кетіп, 19 адам мерт болды. Фране шөп үйіндісіне құлап, тағы да аман қалды. Кейін ол отырған автобус өзенге құлап, төрт адам дүниеден өтті. Франені Құдай тағы да сақтап қалды. Тағы бірде жанармай багінің жарылуынан бірнеше секунд бұрын кенеттен жанған көліктен шығып үлгерді. Ақырында, 2003 жылы Франк лотерея билетін сатып алып, 600 мың фунт ұтып алды.
BMW-ні құрастыратын робот
BMW көліктерін жасауға адам тәрізді робот көмектесіп жүр деген хабар шықты.
Әзірге сынақ ретінде қоданылып жатқан роботтар әлемді шулатты. Қазір олар компанияның АҚШ-тағы зауытында жұмыс істеп жүр. Мамандар бұл адамға ұқсас роботтардың ең жетілдірілген түрі екенін айтады. Өзі икемді, қауіпті әрі қиын жұмыстарды жылдам орындайды. Келер жылы «Tesla» компаниясы да өзінің жеке роботын жасап шығармақ.
Тігінші құс
Суреттен көріп тұрған құс ұясын жапырақтарды бір-біріне тігу арқылы салады. Биологтер оны «Тігінші құс» деп атап кеткен.
Азия тропиялық елдерінде тұратын бұл құс бір немесе екі жапырақтан ұя жасай алады. Олардың шеттерін тігеді. Жапырақтың жиектеріне ұқыппен әдіптейді. Тұмсығымен өсімдік мамығын немесе тор талшықтарын өткізіп, қаптайды. Биолог Эдвард Айткен тігіншілерге ұя салу үшін жасанды мақта жіптерін жасап берді.