Қоғам • 09 Тамыз, 2024

Елдос Сметов өзінің алғашқы бапкеріне көлік сыйлады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдос Сметовке жерлестері Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін көлік сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Елдос Сметов өзінің алғашқы бапкеріне көлік сыйлады

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов туған жері Т. Рысқұлов ауданына ат басын бұрып, жерлестерінің зор құрметі мен қошеметіне бөленді.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Ернар Есіркепов құттықтау сөз сөйледі. Олимп шыңын бағындырған Елдос Сметовке жерлестерінің атынан автокөлік мінгізіп (Haval М6), спортшының ата-анасы мен жеке бапкеріне құрмет көрсетті.

Елдос Сметов бұл сыйлықты алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға тарту етіп, ұстазына алғысын білдірді.

Сондай-ақ XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов сөз алып, құландықтардың зор құрметіне алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, Елдос Сметов Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрініп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Татами шебері 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токиода өткен төртжылдықтың басты додасында қола медальді еншіледі.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30