Фото: Ақорда
Президент Сингапурдың экономика, инновация және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің Сингапурмен арадағы шынайы достыққа және өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.