«Таза Қазақстан» • 10 Тамыз, 2024

Қорымды қоқыстан арылтты

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәңгілік мекен – қорымдардың тазалығына мән бере қоймайтынымыз жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтырып, Ұлытау облыстық дін істері басқармасының ұйытқы болуымен «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қорым да таза болсын!» деген тақырыппен облыс қорымдарында сенбілік өтті.

Қорымды қоқыстан арылтты

Облыста жалпы 79 қорым бар. Бұлардың 67-сі – мұсыл­ман, 12-сі христиан қорымы. Сенбілік Жезқазған, Сәтбаев, Қара­жал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарындағы 5 мұсылман, 3 хрис­тиан қорымында өтті. Бұлар аумақты қорымдар болып саналады. Сенбілікке қарапайым тұрғындар, мешіттер мен православ шіркеулерінің өкілдері, «Жасыл ел» жасақтары, т.б. қатысты.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей, дүниеден өткен адамдардың мәңгілік үйінің айналасын таза ұстау – тірілердің міндеті. Сенбіліктің басты мақсаты осыны көпшілікке түсіндіру болды», дейді облыстық Дін істері басқармасының басшысы Д.Төлегенов.

Облыс бойынша тазалық жұмыстарына 200-ден аса адам қатысып, 9 арнайы техника жұмылдырылды.

 

Ұлытау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025