Қоғам • 10 Тамыз, 2024

Бүгін – Абайдың туған күні

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 10 тамыз – Абай күні. 2020 жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысының негізінде 10 тамыз «Абай күні» деп аталатын мерекелік дата болып бекітілген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін – Абайдың туған күні

Абай күні ретінде 10 тамыздың белгіленуі бекер емес. Ғылыми ортада ойшылдың туған күні туралы екі түрлі нұсқа болғанымен, жылдар бойы 10 тамыз ресми түрде Абай Құнанбайұлының туған күні ретінде таңбаланып келді. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы дата күнтізбеге Абай күні ретінде ресми бекітілген еді.

179 жыл бұрын (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлы дүниеге келді.

Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, композиторы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақстандықтар оның поэмалары, өлеңдері мен аудармаларымен бала кезінен таныс. Абай өзінің мағынасы терең және тілі бай шығармаларында адамдарды еңбекке, білімге, рухани дамуға шақырды. Абайдың прогрессивті көзқарастары бүгінде ерекше өзектілікке ие, өйткені оның идеяларына гуманистік және ағартушылық сипаттар тән.

Абай 170-ке жуық өлең, поэма мен "қара сөздерін" жазып, 56 аударма жасады. Оның аудармаларының арқасында әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік туды.

Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43