Топ бүкіл ел бойынша жұртты алдап, алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан, деп хабарлайды Malim.kz.
Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 SIM-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталып жатыр. Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсу үстінде, деп жазылған облыс прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.