12 Маусым, 2015

Баянауылда Қымызмұрындық тойы өтті

715 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12.06.2015 PAVПАВЛОДАР. 12 маусым.  Баянауылда Қымызмұрындық тойында 500 литрден астам қымыз таратылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қымызды кім көп және тез ішеді?» жарысында Егіндібұлақ ауылының жігіті 10 тостаған қымыз ішіп, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды 9 тостаған ішкен Мәди Есмақай, үшінші орынды 8 шара қымыз ішкен Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны Дастан Төлеубеков иеленді. Қымыз ішудің жарысын көрсеткен жігіттерге сыйлықтар табыс етілді. Алтыбақандар құрылып, бие байланды. Бие сауу, күбідегі қымызды пісу бойынша көріністер көрсетілді. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің хабарына қарағанда, қымыз, май, ірімшік, құрт, қаймақ саудаланған  ауыл жәрмеңкесі өтті. Қымызмұрындық соңы асық ату, қол күресі, кір тасын көтеру сияқты ұлттық спорттық ойындармен жалғасты. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz