Білім • 11 Тамыз, 2024

Елімізде әскери-техникалық оқу орындарында білім алу құны қымбаттайды

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Қазақстанның әскери-техникалық оқу орындарындағы оқу құнын ең төменгі есептік көрсеткішке теңестірмек. "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында ведомство басшысы Руслан Жақсылықовтың бұйрығы жарияланды. Ол қолдау тапса, оқыту бағасы 369 200 теңгеге дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде әскери-техникалық оқу орындарында білім алу құны қымбаттайды

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтарда оқыту құны 100 АЕК (2024 жылы – 369 200 теңге) болады.

- Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық училищесі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы айлық есептік көрсеткіш (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бекітілгеннен кейін жыл сайын уәкілетті орган бекітетін есеп бойынша қалыптастырылады), – делінген құжатта.

Бұйрық жобасын талқылау 23 тамызға дейін жалғасады.

Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық училищесі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Семей, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қарағанды, Көкшетау қалаларында орналасқан 13 филиалдан тұрады.

Қазіргі уақытта оқу құны – 305 мың теңге.

Еске салайық, бұған дейн Қорғаныс министрлігі 2024 жылы екі есе көп қазақстандықтарды әскери дайындыққа шақыратынын хабарлаған еді. Бұл Қазақстандағы әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және әскери дайындықтан өткен резервті жинақтау үшін қажет.

Өткен жылы әскери дайындыққа 1,5 мың адам қатысты – 189 офицер, 275 сержант және 1036 сарбаз. Олар Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарынан шақырылды.